Біз кімбіз?

2014 жылы құрылған Yilmaden холдингі Түркия, Стамбул қаласында орналасқан өнеркәсіптік конгломераттың жылдам өсіп келе жатқан Yildirim компаниялар тобының Металлургиялық және тау-кен өндіру бөлімшесі болып табылады. Yilmaden-де біз 7 түрлі елде орналасқан барлық бөлімшелерде бірге жұмыс жасаймыз, мақсатымыз бір - жерден бағалы пайдалы қазбаларды, атап айтқанда хромиттерді шығарып, оларды ферроқорытпаларға, құрамында хром бар металдарға және химикаттарға айналдырамыз. Хром болаттың беріктігін, коррозиялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін және оны тот баспайтын болат етіп түрлендіретін периодтық кестедегі жалғыз элемент болып табылады. Тот баспайтын болат қазіргі өмірге тікелей қатысы бар және жаһандық дамудың символы болып табылады.

Біз тау-кен ісінің негізі болып табылатын барлаумен ықыласпен айналысамыз. Бұдан басқа, Yilmaden холдингі жер асты және ашық тау-кен жұмыстары саласындағы сарапшы болып табылады, кенді байыту үшін минералды шикізатты қайта өңдеудің барлық түрлерінде тәжірибесі бар, сонымен қатар феррохром өндірісі үшін пештерді металлургиялық және механикалық басқаруда кәсіпқой болып табылады. Тауарлық шикізат нарығында Yilmaden холдингінің коммерциялық қызметі өзін белсенді қатысушы және маркет-мейкер ретінде көрсете білді. Бұдан басқа, Yilmaden коммерциялық қызметі бірнеше халықаралық тауар қауымдастықтарының төрағасы болып табылады.

Көбінесе тау-кен қазбалады өндіру жұмыстары жергілікті және / немесе байырғы халықтар пайдаланатын жер учаскелерінде нәзік алғашқы табиғаты бар шалғай жерлерде жүзеге асырылады. Біз Компания үшін де, жергілікті халық үшін де нақты ұзақ мерзімді пайданы қамтамасыз ету үшін жұмыс жасаймыз.

Біздің командамыздың негізгі ерекшеліктері:

  • ҚАЙРАТТЫЛЫҚ бізге әлемнің көрінбейтін минералды байлықтарын табу үшін ынта-жігермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
  • ТАПҚЫРЛЫҚ трансшекаралық сатып алуды және/немесе инвестицияларды қоса алғанда, жаңа мүмкіндіктерді тұрақты іздестіруге ықпал етеді,
  • ИННОВАЦИЯҒА ҰМТЫЛУ бізге жаңа өнімдер мен жаңа нарықтар құруға, жаңа үдерістерді ойлап табуға және нарықтағы ұстанымымызды нығайтуға мүмкіндік береді. Біз үнемі өндірістік шығындарды төмендету үшін стандартты емес шешімдерді іздеудеміз.
  • ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ПЕН БАСТАМАШЫЛЫҚ бізді жергілікті мамандарды тарта отырып, қоршаған ортаға барынша аз әсер ететін әлемнің шалғайдағы бұрыштарында минералдық ресурстарды зерттеуге, өндіруге және өңдеуге итермелейді. Біз корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жобаларын өңірлік және ұлттық экономиканың пайдасына әділ үлеске айналдырамыз.

Көбірек білу