Басшылық

Али Рыза Йылдырым

Директорлар кеңесінің төрағасы Али Рыза Йылдырым 1957 жылы Түркия, Сивас, Хафик қаласында дүниеге келген. 1964 жылы Самсун қаласына көшіп келген. Самсундағы мектепті бітірген.

1970 жылы отбасылық бизнесте жұмыс істей бастады. Әскерде борышын атқарған соң сату жөніндегі директор, бас директордың орынбасары және бас директор ретінде сату және маркетингпен айналысты.

1994 жылы компания қайта құрылғаннан кейін YILDIRIM компаниялар тобының басқарма төрағасы ретінде жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта Yildirim Холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады және ішкі нарықтағы операциялар мен қаржылық мәселелерге жауап береді.

Али Рыза Йылдырым үйленген және екі баласы бар.

Юксель Йылдырым

Роберт Юксель Йылдырым Yildirim компаниялар тобының президенті және бас директоры. Ол 1960 жылы Түркия, Сиваста дүниеге келген. 1983 жылы Стамбул техникалық университетінің машина жасау саласында бакалавр дәрежесін алды. 1989 жылы Орегон штатының университетінің машина жасау саласында магистр дәрежесін алды. Ол өз мансабын инженер-жобалаушы ретінде бастады, бес жыл бойы Рaceco Corporation - контейнерлік крандарды өндіру жөніндегі компанияда жұмыс істеді.

Роберт Юксель Йылдырым 1993 жылы отбасылық компания Басқармасының құрамына кірді. Сол жылы ол Ресейден көмірді тікелей импорттап, компанияның алғашқы халықаралық жетістіктерін жүзеге асырды. Жаңа идеялармен және бастамалармен Роберт Юксель Йылдырым 2000 жылдары Yildirim-ді басқарды, ал 2008 жылы компания Швецияда өзінің алғашқы халықаралық сатып алуын жасады.

Бүгінгі таңда Yildirim компаниялар тобы металлургия және тау-кен өнеркәсібі, порттарды басқару, көмір және кокс өнеркәсібі, тыңайтқыштар мен химикаттар өндіру өнеркәсібі, энергетикалық индустрия және теңіз кеме қатынасы саласындағы жаһандық ойыншы болып табылады. Lloyd's List журналы кеме қатынасы саласындағы ең ықпалды 100 адамның тізіміне және контейнерлік терминалдар индустриясындағы ең ықпалды 10 адамның тізіміне Роберт Юксель Йылдырымды енгізді. Drewry консалтингтік компаниясы оны порт операциялары саласындағы 20 жетекші әлемдік көшбасшылардың бірі деп санайды. Роберт Юксель Йылдырым сондай-ақ әлемдік хром индустриясы көшбасшыларының үштігіне кіреді.

Роберт Юксель Йылдырым үйленген және екі баласы бар.

Д-р Эврен Озтюрк

Эврен Озтюрк 1981 жылы Түркия, Стамбулда дүниеге келген. Мармара университетінің іскерлік әкімшілік бойынша бакалавр дәрежесін алып, Мармара университетінің, Йылдыз техникалық университетінің және Гебзе технологиялық институтының, қаржы нарықтары мен инвестицияларын басқару, экономика және стратегиялық басқару саласында үш магистр дәрежесін алды. Эврен Озтюрк Мармара университетінің Қаржы және есеп бойынша докторлық дәрежесін алды.

Д-р Озтюрк өзінің мансабын 2002 жылы Reel Çözüm Factoring Inc-да қаржы және қорлар бойынша менеджер ретінде бастады, одан кейін BDO Denet Accounting and Consulting Inc-да Корпоративтік қаржы жөніндегі директор лауазымына ие болды.

Эврен Озтюрк 2005 жылы Yildirim компаниялар тобына қосылды. Ол топтың үздіксіз өсуі мен қуатты қаржылық құрылымдауын қамтамасыз ететін түрлі міндеттерді өзіне алды, 25-тен астам қосылу және сатып алу бойынша жаһандық жобаларды біріктірді.

Қазіргі уақытта Yildirim компаниялар тобының бас қаржы директоры және директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Ол сондай-ақ Францияда CMA CGM Group, Бельгияда Sealease S.A. және Швецияда Vargön Alloys AB директорлар кеңесінің мүшесі

Д-р Озтюрк үйленген және бір баласы бар.

Мустафа Кемаль Эрканат

Мустафа Эрканат 1962 жылы Түркия, Самсунда дүниеге келген. 1983 жылы Стамбул техникалық университетінің аэроғарыштық техника саласында бакалавр дәрежесін алды. 1984 жылы ол Құрама Штаттарға көшіп, 2005 жылға дейін Foodmaker Inc-те әр түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Ол 2005 жылы Yildirim компаниялар тобына бас үйлестіруші ретінде қосылды. Қазіргі уақытта ол Yildirim компаниялар тобының бас әкімшілік директоры. Мустафа Эрканат үйленген, екі баласы бар.

Оның Yildiz Holding (Ulker, Godiva) және Garanti Bank қоса алғанда, түрлі жетекші түрік холдинг компаниялары мен қаржы мекемелерінде 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Д-р Альп Малазгирт  –

Д-р Альп Малазгирт Yilmaden холдингінің, түрік конгломераттарының арасындағы жұлдызы- Yildirim компаниялар тобының металлургия және тау-кен өнеркәсібі бөлімшесінің бас директоры. Қызметті 9 салада жүзеге асыра отырып, Yildirim компаниялар тобы тез трансұлттық компанияға айналады, оның салымдары мен активтері 50-ге жуық елді қамтиды.

Доктор Малазгирттің Yildirim-да жұмысының басталуы холдингтің Металлургиялық және тау-кен бизнесінің екі елден: Түркиядан (Eti Krom) және Швециядан (Vargon Alloys) жеті елге дейін кеңеюіне сәйкес келді: Қазақстандағы "Восход" кәсіпорындар тобы, Ресейдегі Тихвин ферроқорытпа зауыты, АҚШ, Батлер қаласындағы Bear Metallurgical Company және Колумбиядағы Best Coal Company. Қазіргі уақытта Yilmaden холдингі әлемде жоғары сапалы жоғары көміртекті феррохром өндірушісі болып табылады. YilKrom, Yilmaden холдингінің басқа компаниясы Түркияда барлау және өндіру лицензияларына ие. Д-р Малазгирт қосылғаннан кейін осы Халықаралық сатып алуларды интеграциялау процесінде негізгі рөл атқарды және осы бұрын табысы төмен немесе тіпті банкротқа ұшыраған компанияларда қабылданған трансформациялық өзгерістерге маңызды үлес қосты.

Yildirim компаниялар тобында жұмыс істей бастағанға дейін және Түркияға, Стамбул қаласына көшіп барғанға дейін, доктор Альп Малазгирт Кореяда тұрған. Онда ол деканның орынбасары және бизнесті басқару доценті болған және металлургия мен пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты көптеген жоғары технологиялық жобаларда кеңесші болып жұмыс істеген. Теңіз суынан литий алуды (осы технологияға құқықтар кейіннен POSCO сатылды) және су асты марганец конкрецияларын шаймалауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жөніндегі бірнеше жобаларды әзірлеу мен енгізуде маңызды рөл атқарған.

Қиыр Шығысқа көшкенге дейін доктор Альп Малазгирт АҚШ-та өмір сүрді, онда Кремний алқабында кремний чиптерін өндіретін екі компанияда атақты мансабын құрды. Оның соңғы лауазымы халықаралық қызмет жөніндегі вице-президент болды. Жоғары технологиялар саласында 18 жылдан кейін ол күн фотоэлектрлік панельдермен айналысатын компанияны құрды, содан кейін Калифорнияда белсенді жұмыс істейтін екі қызмет көрсету бойынша кәсіпорынның негізін қалаушы болды. Оның жоғары технологиялар мен басқару саласында 25 жылдан астам коммерциялық тәжірибесі бар және көптеген марапаттарға ие.

Д-р Малазгирт Анкара қаласындағы Таяу Шығыс техникалық университетінің металлургия саласындағы ғылым бакалавры дәрежесі, АҚШ, Оңтүстік Дакота тау-кен ісі және технология мектебінің магистр дәрежесі, сондай-ақ Беркли қаласындағы Калифорния университетінің химиялық технологиялар саласында қосымша дәрежелі материалтану және инженерия саласында ғылым докторы дәрежесі бар. Ол үш патентті тіркеді, 20-дан астам техникалық мақалаларды жариялады және халықаралық алаңдарда 50-ден астам презентациялар өткізді.

Көбірек білу